Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің 8 мамырдағы қорытынды хабарламасында ел бойынша бір күнде коронавирус жұқтырған 40 науқастың анықталғаны атап көрсетілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сол тіркелген 40-тың ішінде Жамбыл, Батыс Қазақстанжәне Қызылорда облыстарында бір-бір науқастан болған. Одан кейінгі ретімен айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысында екі-екіден, ал Атырау облысында 3 адам анықталып отыр.
Сонымен, кеше індетке ең көп шалдыққандар – Алматы қаласынан 20 адам және Шығыс Қазақстан облысынан 10 адам болды.
Енді жалпы жағдайды айтар болсақ, 8 мамыр күні түнгі 22.25 уақытында барлығы 4834 жағдай тіркелсе, оның ішінде де ең көбі Алматы қаласы – 1537 науқас. Жазылып шыққан 1631 адамның 362-сі де алматылықтар және 361-і – Нұр-Сұлтан қаласынан.