$ 498.34  519.72  4.85

Ғалымдар коронавируске қатысты аңызды жоққа шығарды

Ал мұның салдарынан 500 мыңнан астам америкалық қайтыс болуы мүмкін.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Блумбергтегі Джонс Хопкинс атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғалымдары 2020 жылы ешқандай ел коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмайтынын мәлімдеді. Ғалымдар SARS-CoV-2 жұқтыру статистикасына сүйене отырып, осындай қорытынды жасады, деп хабарлайды Sputniknews.kz, РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.

Зерттеушілер ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға ықпал ететін шараларды ұстану қауіпті екенін айтады, өйткені ол "денсаулық сақтау жүйесіндегі апатқа" әкелуі мүмкін.

Қазіргі уақытта әлемнің ешбір елінде ауруды жұқтырғандардың үлесі екі-төрт пайыздан аспайды. Адамдардың ұжымдық иммунитетін қалыптастыру үшін халықтың 70%-і вирус жұқтыруы немесе вакцинациялануы керек. Ал бұл көп адамның өліміне әкеп соқтырады.

Ғалымдар АҚШ-ты мысалға келтірді. Қазіргі уақытта елде шамамен 1,25 миллион адам вирус жұқтырған. Ал вакцинасыз ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін 200 миллион адам (АҚШ-та қазір халық саны 328 миллион) дертке шалдыуғы қажет.

Сонымен қатар, эпидемиологтар иммунитет үшін коронавирусты әдейі жұқтыру әрекетінен бас тартуға шақырды. 1980 жылдары шешек ауруы кең тарап, жаппай жұқтыру болғанын еске салған олар COVID-19-ға шалдыру үшін арнайы басқосулар өткізбеуге үндеді. Өйткені ғалымдар қазір АҚШ-та күн сайын екі мыңға дейін адам коронавирустан көз жұматынын, ал шешек ауруы өршіген шақта қайтыс болғандардың саны жылына 150-ден аспағанын айтады.

Оқи отырыңыз: Ресейде коронавирусқа қарсы иммунитеттің бар-жоғын анықтайтын тест әзірленіп жатыр

Зерттеушілер егер коронавирустың АҚШ-та қарқынды таралуы қазіргідей жалғасып, күніне 25 мың адамға дейін инфекция жұқтырса, онда тек 2021 жылы ғана ұжымдық иммунитетке қол жеткізуге болатындығын атап өтті. Ал мұның салдарынан 500 мыңнан астам америкалық қайтыс болуы мүмкін.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы басталған уақытта кейбір елдердің билігі ұжымдық иммунитетті қалыптастыруды жоспарлағандықтан қатаң шектеулерге қарсы болған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары