$ 494.87  520.65  4.91

«Нұрқазған» кенішінде коронавирус жұқтырғандар көбейген

Бұл кеніште алғаш рет қауіпті індет 8 мамырда шыққан. Бүгінде ұжымда сырқат жұқтырғандардың қатары 35 адамға жетті.

Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының «Нұрқазған» кенішінде жұмыскерлердің жаппай коронавирус жұқтыруы белең алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

«Нұрқазған» – Қарағандыдан 70 шақырым қашықтықта орналасқан кеніш. Мұнда мердігер ұйым мамандарын қоса есептегенде, 1100 адам еңбек етеді. Кеніште алғаш рет қауіпті індет 8 мамырда шыққан. Бүгінде ұжымда сырқат жұқтырғандардың қатары 35 адамға жетті.

Кенішке барып вирус жұқтырған қарағандылықтардың тұрған подьездері жабылып, олармен байланысқа түскен адамдар анықталуда. «Қазақмыс» корпорациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта «Нұрқазған» кенішінде вирусты алдын ала анықтау үшін ПЦР әдісімен зертханалық тексеру жүргізілуде.

Қазір кеніштен коронавирустың шығуына байланысты өндірістік цикл тоқтаған. Тек жөндеу жұмыстары мен алдын алу шаралары үшін 100 адам 12 сағаттық ауысым бойынша жұмыс істеп жатыр.

«1 маусымнан бастап «Нұрқазған» кеніші өкілетті органдар бекіткен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, вахталық ауысыммен жұмыс істеуге көшеді. Мұндай жұмыс түрі коронавирусқа шалдығудың алдын алуға көмектеседі», – деп мәлімдеді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметінің басшысы Владимир Магай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары