$ 494.87  520.65  4.91

«Мүмкіндігінше қызметкерлерді үйден жұмыс істеуге жіберіңіздер» - ДСМ өкілі

Оның сөзінше, жақында ашылған кәсіпорындардың көбі санитарлық нормаларды дұрыс сақтап жатқан жоқ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі комитет төрағасы Тимур Сұлтанғазиев карантиндік шаралар қандай жағдайда күшейтілетіні туралы айтты.

«Карантиндік шектеулерді күшейту туралы шешімді Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Карантинді жеңілдету немесе қатаңдату елдегі эпидемиялық ахуалға байланысты. Еңбек ұжымдарынан науқастардың көптеп шығуына байланысты жұмыс берушілерге бас санитар бекіткен ережені сақтауды сұраймыз. Жұмыс берушілерге, сауда орындары, мейрамхана қожайындарына жауапкершілік жүктеледі. Мүмкіндігінше қызметкерлерді үйден жұмыс істеуге жіберіңіздер», - деді ол бүгінгі брифингте.

Оның сөзінше, жақында ашылған кәсіпорындардың көбі санитарлық нормаларды дұрыс сақтап жатқан жоқ. Сондықтан ауру ошақтары көбейіп жатыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, елде коронавирус жұқтырған 8531 науқас тіркелген, оның 4400-і жазылып шыққан. Өткен тәулікте КВИ жұқтырған 209 жағдай тіркелді, өсім 2,5%. Өткен аптадан бері тіркелген науқастардың 80%-ы скрининг нәтижесінде анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус