$ 498.34  519.72  4.85

11 - 15 жас аралығындағы темекі тұтынушылар саны үш есеге ұлғаюда

Ауылдық жерлерде тұратын балалар қала балаларымен салыстырғанда темекіні сирек шегеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы денсаулыққа қатысты балалар арасында жүргізілген сауалнаманы жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

HBSC зерттеу жасөспірімдер арасында темекіні тұтынудың ауқымы мен ерекшеліктерін көрсетіп берді.

Осыны назарға ала отырып, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы 2018 жылы мектептерде 11-15 жас аралығындағы балаларға «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» (HBSC) тақырыбында сауалнама жүргізді.

ҚДСҰО жүргізген ұлттық сауалнама деректері Қазақстандағы 11, 13 және 15 жастағы 36000-ға жуық оқушы өмірінде әйтеуір бір темекі тартып көргенінін (4,8%) көрсетеді. 

11 жастан 15 жасқа дейінгі аралықта темекі тұтынушылар саны үш есеге артады, бұл ретте қыздарға қарағанда 15 жастағы ер балалар темекіні көбірек тартады.

Ауылдық жерлерде тұратын балалар қала балаларымен салыстырғанда темекіні сирек шегеді.

Таяудағы темекі шегу, яғни соңғы 30 күн ішінде темекі шегу ер балалар арасында едәуір артты, 11 жастағылар арасында 2%, 13 жастағылар арасында 2,7% және 15 жастағылар арасында 6,7% құрады. 11,13 және 15 жастағы қыздар арасында таяудағы темекі шегу тәжірибесі тиісінше 2%, 1,8% және 3,5% құрады. 
11, 13, 15 жастағы оқушылардың 2,5% -ы күн сайын темекі шегеді. Күн сайын темекі шегу ұл балалар арасында 13 жастан 15 жасқа дейін артып отыр.

Сондай-ақ, электронды сигарет және қыздырылатын темекі өнімдері жаһандық темекі індетіне қарсы күрес үшін проблема туғызады.

Электронды сигареттерге келетін болсақ, ҚДСҰО деректері 13000-ға жуық жасөспірім (14%) және 5600 қыз (6%), 15 жастағы мектеп оқушылары, болмағанда 1-2 күн электронды сигаретті шегіп көргендігін көрсетіп отыр.

Айта кету керек, электронды сигареттерде, әдетте никотин болады, ол күшті тәуелділік тудырады және мидың дамуына зиян келтіруі мүмкін. 

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы

Шынар Абдрахманованың пікірінше, жастарды темекі өнімдерін тұтынудан қорғауға болады, егер:

* Ата-ана өздері темекі тартпай, балаларына үлгі бола білсе; Олар жастармен темекінің зияны туралы сөйлесе алады.

* Ата-ана мен отбасы мүшелері үйде темекіні қолданбау ережелерін қолданатын болса;

* Әкімшілік пен мұғалім мектепте темекісіз саясатты қолданатын болса;

* Медицина қызметкерлері жастарға кез келген темекі өнімдерін тұтынуға қарсы кеңес беріп отырса; онда жастарды зиянды әдеттен арылтуға болады. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары