$ 447.4  477.55  4.76

«Осыған 1 млрд теңге бөлінді ме?»: көлікпен жанаса жүгірген атыраулық «дезинфекция» жасауда (ВИДЕО)

Су шашатын машиналар бар кезде, жай су сеуіп, шаң басып жүр деуге мына әрекеті тағы келмейді. Видеоға пікір қалдырған оқырмандар болса, бұны «дезинфекция» деп отыр.

Instagram әлеуметтік желісіндегі Zello_atyrau парақшасына Атырау қаласында аптап ыстықта арнайы көлікпен жанаса жүгіріп, көшеге су шашып бара жатқан жігіттің видеосы жарияланды. Оған «Дезинфекция» деген тақырып қойылған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шын мәнінде, видеодағы «өкпесі өшіп» жүгіріп бара жатқан адамның жаяу жүргіншілер жолына не сеуіп жүргені белгісіз. Дезинфекция дейін десең, үстінде арнайы ақ киім жоқ. Алайда, су шашатын машиналар бар кезде, жай су сеуіп, шаң басып жүр деуге мына әрекеті тағы келмейді. Видеоға пікір қалдырған оқырмандар болса, бұны «дезинфекция» деп отыр.

«Қолдан келгенше жасап жатыр, әйтеуір. Мына жігітке обал болды-ау, техникамен жарысып», «Машинаның үстінде отырып шашса да болады ғой», «Жерді ешкім жаламайтын шығар? Тап осы асфальттан бұрын-соңды вирус жұқпаған шығар. Неге оның орнына подъездердегі есік, баспалдақ, ойын алаңдары, стадиондарды тазаламайды екен?», «1 млрд бөлгенде мынау, 2 млрд бөлсе, екі қолына екі пистолет беріп қоятын шығар», «Өлдім-ау, күлкіден! Басқа мемлекет көрсе, күлетін шығар», «Масаны уласын одан да. Мақатта маса көп, жаяу жүру мүмкін емес», «Осыған 1 млрд теңге бөлінді ме? Ужас, айтпақ түгілі, естуге ұялам» десті көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары