Бүгін елімізде коронавирус індетінен 3 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атап айтқанда, Шымкент қаласынан 1956 жылы туған ер адам, Павлодар облысынан 1935 жылы дүниеге келген әйел және Нұр-Сұлтан қаласынан 1959 жылы туған ер адам қайтыс болған.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды «коронавирустық инфекциядан қайтыс болған» деп тіркеуге шешім қабылдады.
Сонымен, бүгінде Қазақстан Республикасы бойынша коронавирустан барлығы 44 адам қайтыс болып отыр.
Соңғы дерекке сүйенсек, қазір індетті жұқтырғандардың жалпы саны – 11 мың 571. Ал 5941 адам жазылып шыққан көрінеді.