04.06.2020, 05:10

«Індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр» - Қасым-Жомарт Тоқаев

Коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін ДДСҰ да растады», - дейді ол.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтік комиссия қабылдаған барлық іс-әрекеттерге қарамастан, отандастарымыз арасында коронавирусқа шалдығу жайттары азаймай отырғанын мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін өзінің Twitter парақшасына жазды.

«Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан, індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін ДДСҰ да растады», - дейді ол.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты жаппай ауруға шалдығудан сақтанып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануды тағы бір мәрте ескертіп қойды.