$ 448.89  477.93  4.76

COVID-19: Атырау облысының екі тұрғыны көз жұмды

Қайтыс болған «Теңіз» кен орнының қызметкері респираторлы белгілерімен ауырғаннан кейін облыстық аурухананың провизорлық бөлімшесіне медициналық жедел-жәрдем көмегімен жеткізілген.
фото: m24.ru
фото: m24.ru

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан екі өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Індеттің таралу көрсеткішінен үшінші орында келе жатқан Атырауда қайтыс болған екі науқас – жергілікті тұрғындар.

Қайтыс болған «Теңіз» кен орнының қызметкері респираторлы белгілерімен ауырғаннан кейін облыстық аурухананың провизорлық бөлімшесіне медициналық жедел-жәрдем көмегімен жеткізілген. Ауру белгілері болғандықтан, ауыр жағдайда «екі жақты пневмония, жедел тыныс алу жетіспеушілігі» диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Науқасқа қойылған диагноз: КВИ, Covid-19. Екі жақты полисегментарлы пневмонияның ауыр түрі.

Екінші науқас – 1951 жылғы зейнеткер. Науқас бір апта бойы үйінде ауырған. Алғашқы 3 күні диарея белгілері, артынан жөтел қысып, дене қызуы жоғарылап, ентігу, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі белгілері пайда болған. Кеуде клеткасының КТ зерттеуі нәтижеінде, екіжақты полисегментарлы вирусты этиологиялы пневмония анықталған. Өкпе тінінің зақымдалу көлемі 50 пайызды көрсеткен. Ауруханаға жатқызылған кезден бастап науқас ВРАР-режимінде мұрын арқылы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

Қазіргі уақытта COVID-19 инфекциясы салдарынан қайтыс болған науқастардың өлім жағдайын талдау мақсатында құрылған комиссия осы жағдайларға клиникалық тексеріс жүргізуде. Қортындысы тексерістен кейін қосымша хабарланады.

Қазір Қазақстан бойынша коронавирустан жазылғандар саны 6240 адамға жетті.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары