08.06.2020, 01:30

Елімізде COVID-19 індетінен тағы 3 адам қайтыс болды

фото: azattyq-ruhy.kz
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 3 адам қайтыс болды. Осылайша, ел бойынша қауіпті індеттен көз жүмғандардың саны 56-ға жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы деректер бойынша, Павлодар облысында 1957 жылы туған ер адам, Атырау облысында 1948 жылы туған әйел, Қарағанды облысында 1963 жылы туған ер адам көз жұмды.

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген хабарламада.