10.06.2020, 20:10

9 судьяның коронавирус жұқтырғаны анықталды

фото: centralasia.media
Оның айтуынша, соттың барлық қызметкері 9 маусымда коронавирусқа тест тапсырды.

Алматы облыстық сотында 9 судьядан коронавирус анықталды. Бұл туралы облыстық соттың төрағасы Еліс Әбдіқадыров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Өкінішке қарай, облыстық соттың 9 судьясынан COVID-19 анықталды. Әріптестерім дәрігерлердің бақылауында, оқшауланды. Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында облыстық сот жабылды. Барлық қызметкер жеті күнге үйдегі карантинге жіберілді. Қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан онлайн жұмыс істеп жатыр", - деді сот төрағасы.

Оның айтуынша, соттың барлық қызметкері 9 маусымда коронавирусқа тест тапсырды.

Еске салайық, мұның алдында Алматы облыстық сотының карантинге жабылғаны хабарланған болатын.