11.06.2020, 15:00

Коронавирус «алты ағайынды» болып шықты

Фото: tengrinews.kz
Ғалымдардың айтуынша, қазір әлемде коронавирустың алты түрі тарап жатыр.

АҚШ ғалымдары қазір әлемде коронавирустың алты түрі тарап жатқанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы. 

Порталдың жазуынша, америкалық ғалымдар COVID-19 вирусының 10,4 мың үлгісін зерттеуге алып, оларды топтастыра бастаған. Нәтижесінде зерттеушілер коронавирустың тағы бірнеше түрі бар екенін анықтаған. 

Олардың айтуынша, АҚШ-та СС256 және CC258 вирустары кеңінен таралса, Еуропада СС70 және CC225 коронавирус түрлері тараған. Ал Оңтүстік Америкада CC300 вирусы тарап жатыр екен.