Бір күннің ішінде тағы 366 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Осылайша елмізде коронавирсупен ауырғандардың жалпы саны 14238-ге жетті деп хабарлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстанда өткен тәулікте 366 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Олардың 77-сі Қарағанды облысынан, 46-сы Алматы қаласынан, 46-сы Шымкент қаласынан, 35-і Павлодар облысынан, 32-сі Атырау облысынан, 24-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 20-сы Батыс Қазақстан облысынан, 20-сы Түркістан облысынан, 10-ы Ақтөбе облысынан, 10-ы Алматы облысынан, 10-ы ШҚО-дан, тоғызы Жамбыл облысынан, сегізі СҚО-дан, жетеуі Қызылорда облысынан, бесеуі Қостанай облысынан, төртеуі Ақмола облысынан және үш адам Маңғыстау облысынан. Ауру өсімі - 2,6%», - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар өткен тәулікте 236 адам коронавирустан емделіп шыққан. Қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19-дан айығып шыққандар саны 8829-ға жетіп отыр.
Адам шығына да азаймай тұр. 12 маусымда коронавирусқа байланысты үш өлім жағдайы тіркелгені белгілі болды. Қазақстанда COVID-19-дан көз жұмғандар саны 70-ке жетті.
Қауіптің өршуіне байланысты Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды Алматы, Маңғыстау облыстарында карантин шаралары қайта күшейтіліп жатыр.