22.06.2020, 01:05

Алматыда коронавирустан тағы 2 адам көз жұмды

фото: vedomosti.ru
Cонымен, бүгінде елімізде COVID-19 пандемиясы салдарынан барлығы 120 науқас қайтыс болып отыр.

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Жедел штаб хабарламасын негізге ала отырып.

Марқұмдардың екеуі де Алматы қаласының тұрғындары. Біреуі 1960 жылғы, ал екіншісі 1957 жылы туған ер адам.

«Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады» делінген ресми ақпаратта.

Cонымен, бүгінде елімізде COVID-19 пандемиясы салдарынан барлығы 120 науқас қайтыс болып отыр. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласынан – 32, Алматы қаласынан – 20, Шымкент қаласынан – 13, Ақмола облысынан – 8, Ақтөбе облысынан – 1, Атырау облысынан – 3, Шығыс Қазақстан облысынан – 1, Жамбыл облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 6, Қарағанды облысынан – 10, Қостанай облысынан – 2, Маңғыстау облысынан – 2, Павлодар облысынан – 13, Түркістан облысынан – 8 адам.