07.07.2020, 00:38

«Тыныс алу гимнастикасы ауру асқынып тұрғанда қажет емес» - маман пікірі

Фото: pixabay.com
Ол әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан тыныс алу гимнастикасының қандай да бір нақты әдісін ұсына алмайтынын айтты.

Ауру асқынып тұрған кезде тыныс алу гимнастикасын жасау қажет емес. Бұл туралы брифингте медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана медицина университеті" КЕАҚ жедел медициналық көмек, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нурила Малтабарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгінде реабилитация кезінде тыныс алу гимнастикасы пайдалы әрине, бірақ бұл жерде жағдайды ушықтырып алмау маңызды, сондықтан тыныс алу гимнастикасы пациенттің жағдайы асқынып тұрғанда қажет емес екенін есте сақтау керек", - деді Малтабарова.

Ол әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан тыныс алу гимнастикасының қандай да бір нақты әдісін ұсына алмайтынын айтты, себебі ол реаниматолог, бірақ реабилитолог дәрігер кеңес айта алатынын түсіндірді.

"Бірақ хаттамада да тыныс алу гимнастикасы оңалту аясында және стационар деңгейінде ем алғаннан кейін амбулаторияға өткенде жазылған, сіз реабилитологқа хабарласып, тыныс алу гимнастикасы бойынша барлық ұсыныс түрін ала аласыз", - деп қорытындылады дәрігер.