08.07.2020, 00:18

Індеттен жазылғандар саны 17 000-ға жуықтады

фото: coronavirus2020.kz
Тағы 630 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Елімізде тағы 630 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап .

Нұр-Сұлтан қаласы - 54, Алматы қаласы - 22, Шымкент қаласы - 4, Батыс Қазақстан облысы - 8, Шығыс Қазақстан облысы - 7, Солтүстік Қазақстан облысы - 93, Ақмола облысы - 201, Маңғыстау облысы - 4, Павлодар облысы - 1, Қарағанды ​​облысы - 49, Қызылорда облысы - 91, Ақтөбе облысы - 68, Жамбыл облысы - 13, Қостанай облысы - 15.

Аталмыш дерек көзінің мәліметінше, жалпы еліміз бойынша қауіпті вирустан жазылып шыққандардың саны 16 928-ге жетіп отыр.

Соңғы деректер бойынша ауырғандардың саны 49 683 адамды құрап отыр. Өкінішке қарай, олардың 264-і қайтыс болды.