08.07.2020, 01:35

Астанада күніне 300 адам пневмониямен ауруханаға түседі

Фото: alla-astakhova.ru
Маусымда пневмониямен ауыратын науқастар 2,2 есе көп тіркелген.

Қала бойынша тек маусым айының өзінде ғана ауруханаға пневмония диагнозымен 1700 адам түскен. Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

«Қала бойынша электрондық денсаулық сақтау филиалының ресми ақпараты бойынша, маусымда пневмониямен ауыратын науқастар 2,2 есе көп тіркелген. Күн сайын 200-ге жуық, соңғы күндері 300 пациент пневмониямен ауруханаға жатқызылып жатыр», - деді ол арнайы брифинг барысында. 

Оның айтуынша, пневмониямен ауыратын науқастардың бір бөлігі үйде ем алып жатыр. Сондай-ақ, күн сайын қалада 50-60 жағдай тіркелетіні айтылады.