Қазіргі уақытта спортшы Қызылордадағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр.
фото: neonomad.kz
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ауруханаға түсті. BAQ.KZ сайтының хабарлауынша, бұл туралы спортшының өзі инстаграм парақшасында хабарлаған.
Аталмыш дерек көзінің жазуынша, спортшы желі қолданушылары үшін бейнехабарлама жариялап бірнеше күн бұрын Қызылордадағы ауруханалардың біріне түскенін айтқан. Сонымен қатар палатадағы жаттығу жұмыстарын көрсеткен.
«Қанша қаламасам да, ауруханаға түстім. Қазір бәрі ойдағыдай. Бізді қабылдағаны үшін дәрігерлерімізге рахмет! Көп рақмет. Қазір сіздерге өте қиын, біз жақсы түсінеміз! Қазір сіздерге үлкен үміт артып отырмыз, бүкіл Қазақстан халқының үміті бар! Достар, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыздар, - деп атап өткен Илья видео жазбасында.
Айтпақшы, Илья Ильин ауруханаға жату себебін коронавирус емес, аллергиялық реакция екенін айта кеткен.