25.07.2020, 23:05

COVID-19: індетке шалдыққандар саны бойынша Қазақстан Қытайдан озуы мүмкін

Тек қуантатыны – Қытай еліне қарағанда, бізде өлім-жітім саны аз.

Қазақстанда бір тәулік ішінде 1740 коронавирус жұқтырған науқас анықталып, олардың жалпы саны 80 226-ға жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Worldometers веб-сайтының хабарлауынша, пациенттер санының артуына байланысты бірнеше күн ішінде Қазақстан Қытайдан озып кетуі мүмкін. Қытайда бүгінгі күнге дейін 83 784 адам тіркелген.

Тек қуантатыны – Қытай еліне қарағанда, бізде өлім-жітім саны аз. Қазақстанда 610 адам коронавирустан қайтыс болса, Қытайда қайтыс болғандардың жалпы саны 4634-ке жетті.