26.07.2020, 12:37

Коронавирусты өлтіретін маска жасалды

Фото: msn.com
Ғалымдардың айтуынша, масканы бірнеше рет қолдануға болады.

Лиссабондағы Молекулярлық медицина институтының ғалымдар тобы коронавирустың бөлшектерін бейтараптандыратын қорғаныс маскасын жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты

Маска  су өткізбейтін бірнеше қабат пен арнайы жабындысы бар инновациялық матаның арқасында жасалған.

Сынақтан өткізу кезінде зерттеушілер масканы коронавирус молекулалары бар ерітіндіге батырған. Артынша олардың 99 пайызы бір сағаттан кейін қасиеттерін жоғалтқаны байқалған.

Ғалымдардың айтуынша, масканы бірнеше рет қолдануға болады. Франциялық Пастер институтында жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде оны кем дегенде 50 рет жууға болатыны анықталды.