31.07.2020, 10:53

Коронавирус жұқтырғандар саны 89 мыңнан асты

фото: pixabay.com
Қайтыс болған адамдардың саны 793-ке жетті.

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 1414 адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде 787 науқастың симптомы бар, ал 627 адамнан аурудың клиникалық белгілері байқалмаған.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 232 / 132,

Алматы қаласы - 218 / 106,

Шымкент қаласы - 30 / 10,

Ақмола облысы - 53 / 27,

Ақтөбе облысы - 17 / 6,

Алматы облысы - 63 / 20,

Атырау облысы - 67 / 37,

Шығыс Қазақстан облысы - 187 / 80,

Жамбыл облысы - 49 / 22,

Батыс Қазақстан облысы - 74 / 45,

Қарағанды облысы - 101 / 22,

Қостанай облысы - 66 / 28,

Қызылорда облысы - 55 / 37,

Маңғыстау облысы - 39 / 17,

Павлодар облысы - 73 / 21,

Солтүстік Қазақстан облысы - 61 / 3,

Түркістан облысы - 29 / 14.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 89 078-ге жетті. 59 517 науқас дертінен айықты, 793 адам қайтыс болды.