07.08.2020, 12:40

Коронавирустан тағы 30 адам қайтыс болды

фото: fergana.ru
Осылайша, COVID-19 құрбандарының жалпы саны 1189-ға жетті.

Қазақстанда тағы 30 адам коронавирустан қайтыс болды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде COVID-19-дан қайтыс болғандардың жалпы саны 1189-ға жетті.

Еске салайық, өткен тәулікте 980 қазақстандықтан коронавирус анықталды. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны - 95 942.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1424 жағдайы және 18 өлім тіркелген. 1 тамыздандан бері ауырғандар саны - 11 008 және 120 адам қайтыс болған.