Қытайда COVID-19 вакцинасына алғашқы патент берілді, деп хабарлайды Atameken Business арнасы. Мамандар екпенің бағасы 1000 юаннан аспайды деп отыр. Бұл шамамен 60 мың теңге.
Қытай ұлттық фармацевтикалық корпорациясының құрамына кіретін екі ғылыми-зерттеу институты бір мезгілде коронавирусқа қарсы вакцина бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенін атап өткен жөн. Вакциналар өндірісін де осы екі институт жүзеге асырады.
Бейжіңдегі ғылыми-зерттеу институты жылына 120 миллион вакцина шығара алады, ал Уханьдағы институты жылына 100 миллион вакцина шығаруға қауқарлы.