Дәрігер-дерматовенеролог, косметолог Алексей Едемский косметиканы пайдалану неге қауіпті екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бүгінде жасөспірім қыздар 12-13 жастан бастап, декоратив косметикасын пайдалана бастайды әрі бетін жиі тазартады. Дәрігер бетті жиі тазартудың салдары болуы мүмкін екенін айтады.
"Бетке жағылатын косметиканың көп болғаны соншалық уақыт өте тері төзімділігін жоғалтады. Ол бұдан әрі косметикаға шыдай алмайды және кез келген косметикалық өнімге реакция бере бастайды. Тіпті, беттің тазалағанның өзінде. Бұл ауыр жағдай терінің қызаруы, қышуы және әртүрлі бөртпелерден көрінеді", - дейді Алексей Едемский.
Дәрігер мұны емдеу өте қиын екенін атап өтті.
"Қазіргі таңда адамға белгілі бір косметикалық құралдарды пайдаланбау қиынға соғады. Сондай-ақ, көптеген косметикалық өнімнің компоненттері тұрмыстық химия заттарымен сәйкес келеді. Осылайша, адам тұрмыстық химикаттармен байланысқа түседі. Ұзақ жылдар бойы терінің, дененің белгілі бір компоненттерге сезімталдығын сақтайды. Мамандар адамдарға тек аурудың симптомдарын жоюға көмектеседі", - дейді Алексей Едемский.