06.09.2020, 06:15

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 5 589 адамның 29-ы – бала

фото: Tang Yang, Xinhua, Globallookpress
Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 589 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 29 бала бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат көздерінде жедел жарияланады. Ал аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.