06.09.2020, 10:19

1 тамыздан бері елімізде 313 адам пневмониядан көз жұмған

фото: coronavirus2020.kz
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 423 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.

2020 жылғы 6 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 423 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. coronavirus2020.kz сайтының хабарлауынша, оған қоса 83 адам емделіп шықты

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 27 623,

313 өлім жағдайы тіркелді,

ал жазылып шыққандардың саны 5 957 жетті.