08.09.2020, 21:33

Қазақстанда коронавирустан бір аптада 46 адам қайтыс болды

фото: ru.euronews.com
Бүгінге дейін 1634 науқас қайтыс болған.

31 тамыз - 6 қыркүйек аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 46 адам көз жұмды, деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша:

Астана қаласында - 7

Алматы қаласында - 4

Ақмола облысында - 6

Алматы облысында - 6

Атырау облысында - 1

Шығыс Қазақстан облысында - 8

Батыс Қазақстан облысында - 3

Қарағанды облысында - 8

Маңғыстау облысында - 1

Павлодар облысында - 1

Солтүстік Қазақстан облысында - 1

Қазақстанда коронавирус инфекциясы барлығы 106 032 адамнан анықталды, оның ішінде 97 967-сі жазылып шықты, 1634 науқас қайтыс болды.