Денсаулық 18.09.2020 сағат 14:20

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациент құқығын қорғайтын 6 әдісті атады

Бұл қызмет медициналық ұйымдағы медициналық көмектің сапасына және клиникалық қызметке ішкі талдау жүргізеді, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен тәртіптің бұзылуын анықтайды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациент құқығын қорғайтын 6 әдісті атады
фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына күн сайын пациенттерден медициналық ұйымдарда көрсетілетін медициналық қызмет сапасына қатысты түрлі сұрақ келеді.

Қордың негізгі міндеттерінің бірі - пациенттің құқығын қорғау. Осыған байланысты Қор сарапшылары медициналық көмектің сапасына мониторинг жүргізеді, сондай-ақ науқасқа не себептен қызмет көрсетілмегенін тексереді.

Медициналық ұйымда қызмет көрсетуге қатысты түсініспеушілік туындаса, көбінесе азаматтар пациент ретінде өз құқығын қорғау үшін қайда жүгіну керек екенін білмейді.

Сондықтан Қор «пациент құқықығын қорғаудың 6 тәсілі» деген жадынама-кеңес дайындады:

1. Мәселені жылдам шешу үшін мән-жайды сол жерде түсінуге тырысыңыз. Ол үшін әрбір медициналық ұйымда пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі жұмыс істейді. Ол медициналық қызметтің сапасын, олардың толықтығын және стандарттарға сәйкестігін бақылау үшін құрылған. Бұл қызмет медициналық ұйымдағы медициналық көмектің сапасына және клиникалық қызметке ішкі талдау жүргізеді, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен тәртіптің бұзылуын анықтайды. Сондай-ақ, азаматтардан келген өтініш, шағымдарды қарайды. Сондықтан, уақыт жоғалтпай бірден пациентті қолдау қызметіне хабарласып, жағдайды сол жерде шешуге, көмек пен ақпарат алуға болады.

2. Егер пациентті қолдау қызметі түйіткілді шеше алмаса және сіздің мәселеңіз медициналық көмекті ұйымдастыруға қатысты болса, онда өңірдегі Денсаулық сақтау басқармасының байланыс-орталығына жүгініңіз. Барлық медициналық ұйым Денсаулық сақтау басқармасына қарасты, сондықтан байланыс-орталығының қызметкерлері ұйымға тікелей хабарласып, мәселені шешуге ықпал ете алады.

3. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кері байланыс үшін бірнеше арна бар. Мысалы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (Play Market және App Store орнатуға болады) өтініш қалдыруға болады. Өтінішке нөмір беріледі, содан кейін өңдеуге алынады. Оны Қор мамандары қарайды. Олар медициналық ұйыммен байланысқа шығып, ақпарат сұратады, медициналық көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.

4.Телефонға қосымша орнатуды ұнатпайтындар үшін Telegram-да Saqtandyrubot арқылы өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған. «Негізгі мәзір» пәрменін басқаннан кейін бірнеше бөлім бар. «1406-ға өтініш жіберу» таңдаңыз. Бот «өтінішті жіберу» және «өтініштердің тарихын» ұсынады, осылайша өтінімнің мәртебесін тексеруге болады. Өтініште бот командаларына сәйкес өңір, медициналық ұйымның атауы және мәселенің мәні көрсетіледі.

5. 1406 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы қоңырау қабылдайды және өтініштерді үш деңгейлі модель бойынша қарастырады. Бірінші деңгейге консультациялық сипаттағы мәселелер жатады. Екінші және үшінші - егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өтініштер. Қордың мамандары медициналық ұйыммен байланысады, ақпарат сұратады, медициналық көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.

6.Ресми сайт пайдаланушыларға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтына кіріп өтініш жасаған ыңғайлы және «Халықтық бақылау» бөлімінен қажетті тапсырманы таңдаңыз: шағымдану немесе ұсыныс қалдыру. Бірінші жағдайда аймақ, емхана, диагноз, келу күні, ЖСН нөмері көрсетіледі және шағымның себептерінің бірі таңдалады. Ұсынысты бос өрістерге жіберген кезде бастапқы деректерді толтырып, мәтінді тұжырымдау керек.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықпен диалог орнатуға ниетті. Пациенттердің өтініші ең алдымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімге отырған медициналық ұйымдар көрсететін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына әсер етуге мүмкіндік береді. 

Дереккөз: Baq.kz

 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар