Полицейлер мен санитар дәрігерлер Нұр-Сұлтанда Есіл өзеніндегі теплоходта кеш ұйымдастырғандарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Куәгерлер Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенінің бойымен жүзіп келе жатқан теплоходтағы кешті видеоға түсірген. Кадрлардан жастардың билеп жатқанын көруге болады. Онда 30-дан астам адам жүр. Демалушылар карантиндік шектеулерде көрсетілген маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты елемейді.
«Аталған факті бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Көліктегі полиция департаментінің Желілік басқармасымен бірлесіп, видеода көрсетілген адамдарды анықтау бойынша тексеруді бастады», - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Ол карантинді бұзған барлық жеке және заңды тұлғаның жауапқа тартылатынын айтты.