Бұл туралы ДДСҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«9 айдың ішінде коронавирустық инфекциядан 1 миллион адам қайтыс болды. Егер вирусқа қарсы вакцинаны ойлап табу үшін тағы 9 ай кететін болса, осы уақыт ішінде тағы да 1 миллион адам қайтыс болуы мүмкін», - деп болжады ол.
Айта кетсек, бұған дейін ДДСҰ тұмауға қарсы күрес адамдарды COVID-19-дан құтқармайтынын, алайда, пандемиямен күресуге көмектесетінін мәлімдеген болатын.