29.09.2020, 10:40

Елімізде 46 бала коронавирус жұқтырған

Фото: lada.kz
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан  барлығы 3 300 адам емделіп жатыр.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан  барлығы 3 300 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 46 бала бар, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы. 

Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ДСМ хабарламасында.