02.10.2020, 09:40

Ғалымдар таңертең аш қарынға кофе ішпеу керектігін айтты

Фото: medium.com
Мамандардың айтуынша, ұзақ жылдар бойы таңертең аш қарынға кофе ішкен адамның ағзасында глюкоза құрамы өзгереді, салдарынан екінші типтегі диабетке шалдығу қаупі күшейеді.

Ұлыбританияда Бата университетінің ғалымдары таңертең аш қарынға кофе ішкенде қандағы қант құрамы бұзылатынын анықтады. Зерттеу нәтижесі British Journal of Nutrition журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Талдау кезінде еріктілердің бір тобына оянған соң бірден тәтті шырын ішу ұсынылды. Ол шырынның құрамы кәдімгі таңғы астың калориясымен тең.

Ал екінші топтағылар таңертең аш қарынға қою кофе ішті және жарты сағат өткен соң оларға құрамында қанты бар сусын берілді.

Содан соң екі топ қатысушыларының қаны талдауға алынды және глюкоза деңгейі тексерілді. Сонда кофе ішкен еріктілердің қанындағы қант құрамы 50 пайызға көбейген.

Мамандардың айтуынша, ұзақ жылдар бойы таңертең аш қарынға кофе ішкен адамның ағзасында глюкоза құрамы өзгереді, салдарынан екінші типтегі диабетке шалдығу қаупі күшейеді.

Зерттеушілер таңғы кофеден "мүлдем бас тартыңдар" демейді, тек таңғы астан кейін ішуге кеңес береді.

Тегтер: аш таң кофе