$ 446.49  475.38  4.79

Әлемде коронавирус бойынша антирекорд тіркелді

Бұған дейін мұндай рекорд 17 қазанда тіркелген.
фото: regnum.ru
фото: regnum.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде коронавирус инфекциясымен ауыратындардың рекордтық тәуліктік санын тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Ұйымның сайтында жарияланған статистикаға сәйкес, соңғы тәулікте (22 қазандағы деректер) әлемде COVID-19 жұқтырған 423 819 пациент тіркелген. Бұған дейін 17 қазанда тіркелген 412 889 жағдай рекорд болды.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі АҚШ-та тіркелді, онда 1 күнде 60 мыңнан астам адамда инфекция анықталды. Үндістанда тағы 55 мыңнан астам адам, Францияда 41 мың және Ұлыбританияда 26 мың адам коронавирус жұқтырды. Бразилияда инфекцияның бір тәуліктегі өсімі - 24 858 жағдай, Аргентинада - 18 мың жағдай болды.

Пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияның 41,1 миллионнан астам жағдайы анықталды, 1,1 миллионнан астам адам көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары