$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус жұқтырған 115 адамның жағдайы ауыр

Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
фото: liter.kz
фото: liter.kz

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 088 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 248 өскіншек бала бар, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналы.

Стационарларда 2 333 науқас жатыр.  755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

2020 жылғы 27 қазанындағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек:

Өткен тәулікте 10 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 17 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 36 931, өлім жағдайлары - 395, барлығы 28 548 адам сауығып шықты

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары