$ 494.87  520.65  4.91

Covid-2019: 190 адамның халі нашар

Науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

2020 жылғы 9 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

2020 жылғы 9 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы тіркелді. Оған қоса 44 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 39104, 409 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29182 жетті.

Ал денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 030 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 375 бала бар. Стационарларда 2 813 науқас жатыр. 4 217 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 190 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары