26.11.2020, 11:20

ДДСҰ вирустың таралуына қатысты жаңа болжамдарын айтты

фото: pixabay.com
Вирус жарқанаттан бір немесе бірнеше аңға жұғып, содан кейін адамдарға таралған.

 Коронавирус адамдарға жарқанаттан тікелей немесе одан өзге бір жануарға жұғып барып таралған болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйым мамандары COVID-19-дың шығуына қатысты осындай жорамал жасап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Бірақ сарапшылар індеттің таралуының ең ықтимал жолы екіншісі екенін айтады. Яғни вирус жарқанаттан бір немесе бірнеше аңға жұғып, содан кейін адамдарға таралған.

«Сондықтан вирусқа қарсы вакцина мен дәрі-дәрмек жасап шығару үшін оның бастапқы нұсқасын табу маңызды», - дейді мамандар.

 Естеріңізге сала кетейік, COVID-19 алғаш рет былтыр желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласындағы базарда тіркелген.