28.11.2020, 16:34

«Коронавирус жұқтырған 35 науқастың жағдайы аса қатты ауыр» – ДСМ

фото: dw.com
31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 975 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бүгінгі күні науқастар арасында 822 бала бар. Стационарларда 3 294 науқас жатыр. 8 681 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», – делінген хабарламада.

Жалпы, науқастардың арасында 199 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 35 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.