03.12.2020, 13:00

Тұмаудың алдын алудың үш жолы

Фото: elements.envato.com
Дәрігердің сөзінше, бірінші тәсіл - тамаққа арналған спрей қолдану.

Ұлыбританиялық дәрігер және тележүргізуші Сара Джарвис Express баслымына берген сұхбатында тұмаудан арылудың үш негізгі жолын айтты, деп хабарлайды РИА Новости

Дәрігердің сөзінше, бірінші тәсіл - тамаққа арналған спрей қолдану. Ол микробқа қарсы бөгет ретінде қолданылады. 

"Зерттеу жұмыстары спрей тұмау симптомының жалғасуын екі есе азайтатынын және аурудың ағымын үш есе төмендететінін көрсетті", - дейді маман. 

Тұмаудың алдын алудың екінші жолы - қызылкүрең қолдану.Алайда маман осы препараттың тиімділігін зерттеуде қарама-қайшы нәтиже барын айтады.

Үшінші тәсіл - С дәрумендерін немесе цитрус, бұрыш, брокколи, брюссель қырыққабатын және картоп қолдану болып саналады. 

Тегтер: дәрігер тұмау