04.12.2020, 09:40

Covid-19: 34 науқастың ахуалы өте нашар

фото: pixabay.com
29 науқас өкпені  жасанды желдету аппараты арқылы тыныс алып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі 4.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 000 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 560 науқас жатыр. 10 440 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 229 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 34 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 29 науқас өкпені  жасанды желдету аппараты арқылы тыныс алып жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.