$ 494.87  520.65  4.91

Covid-19: 239 науқастың жағдайы ауыр

20 426 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 23 желтоқсандағы ақпарат жариялады.

23 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 863 адам короновирус инфекциясынан (12 989 КВИ+ және 11 874 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 437 пациент стационарда, 20 426 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

239 адамның жағдайы ауыр;
50 пациенттің жағдайы өте ауыр;
49 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары