13.01.2021, 11:00

Covid-19: 58 науқастың жағдайы өте ауыр

фото: pixabay.com
42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 13 қаңтардағы ақпаратты жариялады

13 қаңтардағы мәлімет бойынша,  23 524 адам короновирус инфекциясынан (11 673 КВИ+ және 11 851 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 732 пациент стационарда, 17 792 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

267 адамның жағдайы ауыр; 58 пациенттің жағдайы өте ауыр; 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.