18.01.2021, 11:00

COVID-19-дан сауығып шыққандарға екпені қашан алуға болады?

фото: pixabay.com
Норма бойынша – екі немесе үш рет жасалынған ПТР талдауы нәтижелері теріс болуы керек.

 Ғалымдар COVID-19-дан сауығып шыққандарға екпені қашан алуға болатындығын айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.  ⠀ Індетті жұқтырып, артынан жазылып шыққан уақыты мен екпе егу арасындағы кезең шамамен екі-үш айды құрау керек екендігін Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді. ⠀ Егер адам коронавируспен жеңіл түрде ауырып шықса, ағзада вирустың жоқтығына көз жеткізген бойда екпе егуге болады. ⠀ "Адам толық сауығып шығу керек, жазылып шыққаны зертханалық жолмен дәлелденуі керек, яғни норма бойынша – екі немесе үш рет жасалынған ПТР талдауы нәтижелері теріс болуы керек. Содан кейін адам физикалық тұрғыда қайта қалпына келуі керек", - деді Гинцбург.