Денсаулық сақтау министрлігі 19 қаңтарда ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жариялады.
19 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24 894 адам короновирус инфекциясынан (13 226 КВИ+ және 11 668 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 485 пациент стационарда, 18 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
312 адамның жағдайы ауыр; 61 пациенттің жағдайы өте ауыр; 49 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.