31.01.2021, 10:19

Covid-19: 54 науқастың жағдайы өте ауыр

фото: pixabay.com
21 401 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Денсаулық сақтау министрдігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 31 қаңтардағы ақпаратты жариялады.

31 қаңтардағы мәлімет бойынша,  27 794 адам короновирус инфекциясынан (16 248 КВИ+ және 11 546 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 393 пациент стационарда, 21 401 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

254 адамның жағдайы ауыр; 54 пациенттің жағдайы өте ауыр; 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.