02.02.2021, 20:37

Министрлік неге Ресей вакцинасын таңдағанын түсіндірді

фото: tengrinews.kz
Клиникалық зерттеуден өтіп, жаппай өндіріске жіберілген екпе.

Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" вакцинасының тиімді екеніне толық сенімді. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан азаматтарына вакцина тегін салынады. "Спутник V" екпесі – әлемде ең бірінші адам аденовирусы негізінде жақсы зерттелген вакцина. Қазір бұл вакцина – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таныған ең үздік 10 вакцинаның бірі. Клиникалық зерттеуден өтіп, жаппай өндіріске жіберілген екпе. КВИ індетіне қарсы тиімділігі – 100%-ға тең. Вакцинаның қауіпсіздік профилі жоғары, кері әсер аз. Адам иммунитетін ұзақ уақыт ұстап тұра алады", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.