Денсаулық 21.02.2021 сағат 14:17

Ұзақ уақыт маска тағудың тіске зияны көп

Сонымен қатар, ресейлік тіс дәрігері Тигран Григорян терең дем шығарған кезде ағзадан шамамен 360 түрлі бактерияның да шығып кететінін айтады.
Ұзақ уақыт маска тағудың тіске зияны көп
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Коронавирустан қорғану үшін ұзақ уақыт маска тағып жүрудің тіске зияны көп. Стоматологтар осындай тұжырым жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

One Manhattan Dental емханасының негізін қалаушылардың бірі Роб Рамондидің мәлімдеуінше, әрдайым маска тағып жүргеннен кей адамның тісінде қара дақтар мен сызаттар пайда бола бастайды екен.

«Сондай-ақ, маска арқылы тыныстау салдарынан сілекей аз бөлініп, ауыз құрғап кететіндіктен, тісжегі (кариес) пайда болып, қызылиек аурулары туындайды», - деп жазады «Сноб» басылымы. 

Сонымен қатар, ресейлік тіс дәрігері Тигран Григорян терең дем шығарған кезде ағзадан шамамен 360 түрлі бактерияның да шығып кететінін айтады. 

«Сіз ағзаңыздан шығарған лас ауаны маскадан шығармаған күйі қайта жұтасыз. Соның салдарынан ауыз қуысында түрлі ауру пайда болуы мүмкін», – дейді Григорян.

Пандемия кезінде тіс ауруларын барынша болдырмау үшін көбірек су ішіп, кейде қанты жоқ сағыз шайнап тұру керек деп кеңес береді мамандар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар