Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 9 наурыздағы ақпаратты жариялады.
Министрліктің дерегі бойынша, қазіргі кезге дейін 18 758 адам короновирус инфекциясынан (13 812 КВИ+ және 4 946 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 14 120 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
254 адамның жағдайы ауыр; 54 пациенттің жағдайы өте ауыр; 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.