Денсаулық 11.03.2021 сағат 09:40

Жүрек ұстамасының басқа да симптомдары анықталды

Үрейлі қорқыныш 5-20 минутқа созылады.
Жүрек ұстамасының басқа да симптомдары анықталды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Үрей мен мазасыздық жүрек ұстамасы симптомдары болып табылады, деп жазды Express Ұлыбритания ұлттық денсаулық сақтау қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың ойынша, бұл жайттарды жиі үрейлі қорқынышпен шатастырады. Өйткені олар бір-біріне ұқсас.

Үрейлі қорқыныш 5-20 минутқа созылады. Кейбір адамдарда екі сағатқа дейін болуы мүмкін.

Жүрек қағысы жиілеп, бас айналады. Адам өзін жайсыз сезінеді, тоңып немесе ыстықтауы мүмкін. Кейде денесі дірілдейді, кеуде тұсы немесе іші ауырады.

Кейбірі өз денесіне ие бола алмай қалады, ақыл-есін білмейді.

Мұндай белгілер байқалса, дәрігерге дереу қаралу керек.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар