$ 445.66  474.58  4.78

Супермаркеттен қандай 6 тауарды сатып алуға болмайды

Етті басқан кезде ойық пайда болады, балықтың көзі ағарып кеткен немесе қызыл болады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

WeChat желісінде қытайлық блогер супермаркеттен алуға болмайтын алты өнімді атады, деп хабарлайды  sputnik.kz РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.

Ол дайын туралған еттен бас тартқан жөн деп санайды. Блогердің айтуынша, бұл өнім әдетте ет қалдықтары немесе ұзақ уақыт тұрып қалған еттен дайындалады. Сондай-ақ өнімге көп май қосылады. 

Автор супермаркетте контейнерде сақталатын тұздалған көкеністі алмаған дұрыс деп есептейді. Олардың ішінде қауіпті бактериялар болуы мүмкін. Оның жарамдылық мерзімін ұзарту үшін көп тұз қосылады.

Блогер кесілген жеміс-жидекке қызықпауға шақырады. Олардың пайдасы болмайды әрі кескен кезде ішіне бактерия түсуі ықтимал. Автордың айтуынша, дүкен қызметкерлері шіріп бара жатқан жемістерді кесіп, дұрыс жерін алады.

Қатып тұрған балық та осы тізімге енді. Етті басқан кезде ойық пайда болады, балықтың көзі ағарып кеткен немесе қызыл болады. Бұл тауардың ұзақ уақыт жатқанын көрсетеді.

Грильдегі тауықты әзірлеу кезінде де ескі жарамсыз болып қалған өнімдер пайдаланылады.

Дайын дәмдеуіштер жинағын сатып алуды да әдетке айналдырмаған дұрыс. Олардың ішінде бүлінген өнімдер болуы мүмкін. Оларды қаптайтын пленкада бактериялар тез пайда болады, көгеріп кетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#супермаркет