Тағы 28 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
13 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 178 адам короновирус инфекциясынан (34 703 КВИ+ және 475 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 24 адам қайтыс болды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 586 адамның жағдайы ауыр;
• 175 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 112 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
11 сәуірдегі мәлімет бойынша 10 жаңа жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған. 101 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 51 409, өлім жағдайлары - 731, барлығы 50 203 адам сауығып шықты.